Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы

Отырар жалпы білім беретін мектебінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор игі шара ұйымдастырылды. Мектепте эко мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғау идеясын насихаттау мақсатында биологиялық алаңның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аталған биологиялық алаң мектеп ғимаратының ішіндегі кіреберіс бұрышынан ашылып, оқушылардың табиғатты танып-білуіне, тәжірибелік сабақтар өткізуіне және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған танымдық орын ретінде ұйымдастырылды.

Бұл биологиялық алаң – мектептің ардагер ұстазы, сан жылдар бойы биология пәнінен талай шәкірт тәрбиелеп, білім мен тәрбиенің дәнін сепкен Жұмағұлова Гүлайым апайдың құрметіне арналды. Ұстаздың ұзақ жылғы еңбегін ұлықтау, кейінгі ұрпаққа үлгі ету – мектеп ұжымы үшін үлкен құрмет.

Салтанатты шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері Абдукаримов Бақтыбай ағай, ардагер ұстаз Ердемқұлов Нұрқұл көке арнайы қатысып, жаңа биологиялық алаңның лентасын қию рәсімін жасады. Ал ел ағасы Асанов Тәліп қажы ақ батасын беріп, игі бастаманың берекелі болуына ізгі тілегін білдірді.

Шара барысында қонақтар сөз сөйлеп, «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығын атап өтіп, жас ұрпақты табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеудің мәні зор екенін айтты. Сонымен қатар ардагер ұстаз Гүлайым апайдың ұстаздық жолындағы еңбегі ерекше құрметпен айтылып, шәкірт тәрбиелеудегі орны атап өтілді.

Мерекелік шара барысында мектеп оқушылары қонақтарға арнап күй тартып, әсем ән шырқап, мың бұралған билерін билеп, жиналған көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады. Оқушылардың өнері келген қонақтар мен ұстаздарға үлкен әсер қалдырды.

Бұл игі бастама – ұстаз еңбегін ұлықтап, табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті насихаттайтын тәрбиелік мәні зор шара болды. Осындай тағылымды істер арқылы өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігі артып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігі нығая түседі.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2122558551838343&set=pcb.2122558815171650&__cft__[0]=AZY2SQog_km6bLm8tYpfLWzwRdqC4DI67OTOMWGarKKbywtq-xJkeRxaaF0mrKaVKrlMtHEcdVF6ZQiCCkaTzt0AaadZyCOrYlhzIMn2Y0bxK0S7KfgseC9MRYgHxld50EbPp8ZoEY9b3gN6GzCIUaN4rDTENu_XXZjJ9ZSAWSK9vPSZ6XCTgHo9ejNSVLxZ0Rs&__tn__=*b2H-R