" Отырар жалпы білім беретін мектебінде
"Өзін _ өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен 7–10 сынып оқушылары арасында мектепішілік футбол жарысы ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, бірлік пен командалық рухты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Әр сынып өз шеберліктерін көрсетіп, тартысты ойын өрбітіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Жарыс барысында оқушылар өзара қолдау көрсетіп, әділ ойын үлгісін көрсете білді.
Осындай спорттық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Жарысқа белсенді қатысқан барлық оқушыларға және ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!





