Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
24 желтоқсан күні мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы

24 желтоқсан күні мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы

24 желтоқсан күні мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайын, дайындалатын тағамдардың сапасын және асхана жұмысының талапқа сай жүргізілуін бақылау мақсатында бракераждық тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында тағамдардың сапасы, дәмі, сыртқы көрінісі, сақтау мерзімі, ас мәзірінің талапқа сәйкестігі, сондай-ақ асхана қызметкерлерінің тазалық нормаларын сақтау деңгейі назарға алынды.

Аталған іс-шараға әлеуметтік педагог К.Одаман, мектеп медбикесі Д.Ақмахан қатысып, оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше мән берді. Тексеру нәтижесінде асхана жұмысының белгіленген талаптарға сай екендігі анықталып, бірқатар ұсыныстар берілді.

Мектеп әкімшілігі алдағы уақытта да оқушылардың денсаулығын қорғау, сапалы тамақтануын қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратын болады.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2063406311086901&set=pcb.2063403304420535&__cft__[0]=AZYpgg-UzxK5JDAEzPwpBI7Iv7uUXFa0Xl7LAyXLHG7X-Yp6xFRYVDCNmA7cp1WVLx8Xu2JMsGJR_QwL62R7yxJJm27xZ0l_ut0Nu0ALFN1B5j9I3cTYxWlYmeYF-VI95mVS3N06el_TZ7M7e6iSaSHyoCjxW94Fm7LjeN9RVKvJsQ&__tn__=*b0H-R