21 наурыз - Ынтымақ күні
Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Наурызнама» онкүндігі аясында 21 наурыз – Ынтымақ күніне арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты тәрбиелік іс-шара өтілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға Наурыз мерекесінің мән-маңызын түсіндіру, халқымыздың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ бірлік пен татулықты дәріптеу болды.
Мерекелік бағдарлама барысында оқушылар ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, әсем ән айтып, би билеп, көріністер көрсетті. Сонымен қатар Наурыз мейрамына байланысты ұлттық ойындар ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Шара барысында бірлік пен татулықтың, сыйластық пен мейірімділіктің маңызы ерекше айтылып, Наурыз мерекесінің халықты жақындастыратын қасиеті кеңінен насихатталды.
Бұл іс-шара оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұлттық мәдениетімізді құрметтеуге, салт-дәстүрімізді қастерлеуге тәрбиелейтін тағылымды мерекелік кездесу болды.
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Ынтымақ пен бірлік, береке мен молшылық әр шаңыраққа шаттық әкелсін!





