2025-2026 оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесі.
Аудан мектептерінде 25-28 тамыз аралығында бірыңғай педагогикалық кеңес өтіп жатқаны белгілі. 26.08.2025 жылы сағат 14.00-де "Отырар" жалпы білім беретін мектебінде алғашқы педагогикалық кеңес өтті. Іс-шараға Түркістан облысы "Дарын" орталығының маманы Ниязов Нұркен, аудандық білім бөлімінің әдіскері Сапарова Гүлбану қатысты. Педагогикалық кеңесті мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Асылбеков Керімбек жүргізіп отырды.
Мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету және жаңа оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін айқындау.
Күн тәртібі:
1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту
3. "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде тәрбие жұмысын таныстыру.
Күн тәртібінде мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.