Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
20 наурыз – Ұлттық спорт күні

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Наурызнама» онкүндігі аясында мектебімізде 20 наурыз – Ұлттық спорт күні ерекше деңгейде аталып өтті. Бұл жолы ұлттық спорт түрлерінен сайыс мұғалімдер арасында ұйымдастырылып, ұжымның ауызбіршілігі мен белсенділігін айқын көрсетті.

Іс-шара барысында әр топ өздерін таныстырып, ерекше дайындықпен келгендерін көрсетті. Мұғалімдер ұлттық ойындардың бірнеше түрінен сынға түсті. Атап айтқанда, бес асық, қол күрес, асық ату, арқан тартыс сияқты дәстүрлі ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің ептілігі мен шеберлігін, күш-жігерін таныта білді.

Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Әріптестеріміз тек білім беру саласында ғана емес, спортта да белсенді екендіктерін дәлелдеп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ұлттық ойындар арқылы мұғалімдер арасында достық қарым-қатынас нығайып, көтеріңкі көңіл күй орнады.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен командаларға І, ІІ, ІІІ орындар беріліп, арнайы марапаттар табысталды. Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға құрмет көрсетіліп, олардың еңбектері жоғары бағаланды.

Аталған іс-шараны спорт үйірме жетекшілері жоғары деңгейде ұйымдастырып, мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор шара өткізді. Осындай ұлттық құндылықтарды дәріптейтін іс-шаралар жас ұрпаққа үлгі болып, салт-дәстүріміздің жалғасын табуына үлкен септігін тигізері сөзсіз.

Барша қатысушы мұғалімдерге белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! Ұлттық рухымыз асқақтай берсін!

https://www.facebook.com/reel/2519224511826585