Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
19 наурыз – Жаңару күні

19 наурыз – Жаңару күні

19 наурыз – Жаңару күні

Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесіне орай «Наурызнама» онкүндігі аясында 19 наурыз – Жаңару күні мерекесіне байланысты мектеп жанындағы шағын орталықта "Наурыз - жыл басы" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында кішкентай тәрбиеленушілер ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, Наурыз мерекесінің мән-маңызын танытатын өлеңдер айтып, ән шырқап, би биледі. Балалардың өнері көрермендерге ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекенің сәнін арттырды.

Мерекелік шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, салт-дәстүрімізді насихаттау, Наурыз мейрамының мазмұнын кеңінен таныстыру болды.

Осындай тағылымды шаралар арқылы бүлдіршіндер халқымыздың бай мұрасымен танысып, ұлттық тәрбиенің мәнін терең түсінеді. Мереке соңында балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйланып, ізгі тілектер айтылды.

Наурыз мерекесі баршаңызға құт-береке, жаңару мен жақсылық әкелсін!

https://www.facebook.com/100022526569105/videos/pcb.2131732507587614/1678688756827658?__cft__[0]=AZZJ5NCg42s3hv8sZ7y9_qWJw0Q5-BhbPMm_Ha2wha8Mtd09AE8gpp2dViZkDf_aZlodjHiH7-oqJ2KCUkNpliixGcDMA1RmJNXhuOOacCIQLAFl0vPP0hEIx8l1BxoM7FFp511PQQmRaurn4nDQxw1jNFEhv8emvpUR1OTFuN_tMRFuzYt-G8UictQWgXkLh7Q&__tn__=*b2H-R