18 наурыз – Ұлттық киім күні
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай 6-сынып оқушылары арасында ерекше челлендж ұйымдастырылды.
Оқушыларымыз ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қазақтың дәстүрлі киімдерін киіп, өз өнерлері мен шығармашылықтарын паш етті. Әрбір қатысушы ұлттық нақыштағы киім арқылы халқымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттауға өз үлесін қосты.
Бұл челлендждің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіріп, ата-бабамыздан қалған асыл мұраны қадірлеуге тәрбиелеу.
Ұлттық киім – ұлттың айнасы!
Дәстүрімізді дәріптеу – әрқайсымыздың парызымыз!
#ҰлттықКиімКүні #Наурыз2026 #ҰлттықҚұндылықтар #6сынып #Челлендж





