14 наурыз – Көрісу күні, Амал мерекесіне орай 7-сынып оқушылары сынып жетекшісі Ш.Балтабаеваның ұйымдастыруымен мерекені атап өтті.
Іс-шара барысында оқушылар бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, жылы лебіздері мен ақ тілектерін айтты. Ұлттық дәстүріміздің мәнін түсінген оқушылар көрісудің татулық пен сыйластықтың белгісі екенін сезінді.
Осындай тағылымы мол шаралар арқылы оқушыларымыз халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосуда.





