Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

Көрісу күні – қазақ халқының ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі. Бұл күні адамдар бір-бірімен арнайы барып амандасып, «Бір жасыңмен!» деп көрісіп, өткен реніштерін ұмытып, ақ тілектерін арнайды. Көрісу – татулық пен сыйластықты арттырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше күн. Бұл күн – адамдарды жақындастырып, бірлік пен берекені нығайтатын ұлттық дәстүріміздің жарқын көрінісі.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Наурызнама» онкүндік мерекелік іс-шара жоспарына сай, Отырар жалпы білім беретін мектебінде 14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі) атап өтілді.

Шара басында Наурыз бата беріліп, ақ тілектер айтылды. Мектептің ұстаздары мен оқушылары ұлттық нақыштағы қазақы киім киіп, бір-бірімен көрісіп, ізгі ниеттерін білдірді. Әсем әндер шырқалып, жаңа күн көтеріңкі көңіл күймен жалғасын тапты.

Ұлттық дәстүрімізді дәріптеген бұл мереке баршаға жылылық сыйлап, бірлік пен татулықтың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2127208028040062&set=pcb.2127197341374464&__cft__[0]=AZYCV-eKBDHFxs-eH8TbLMY5AUcjsGSgGx_g_Uo8NXhBW-wdRlK3Vwf3B4B2X9Ov1wBq6NHyYv39vZJYF35nx8Qea6lO_sbGvyst2tkeK3O-Ey0rIIMXXq1DQY0kHvzCIYUduf3KQf57QmHlTnVz8DfD4fED9CLitMuQFEHnNE2Rl3LymqeV9lCrrP9ZQ9wZwcs&__tn__=*b2H-R