1- СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 27 МАМЫРДАН БАСТАП 31 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Құрметті ата-аналар!
Биыл 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі қайта қарастырылды. Бұған дейін бұл процесс жыл сайын 1 сәуірден басталып келсе, енді жаңа тәртіпке сәйкес 27 мамырдан бастап 31 тамызға дейін жүргізіледі.
Бұл өзгеріс – мектептердегі оқу процесінің қарбалас кезеңімен тұспа-тұс келетін бұрынғы тәжірибені ескере отырып қабылданған шешім. Себебі дәл осы уақытта мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және IT мамандары оқу процесіне толыққанды жұмылдырылып, құжат қабылдауды тиімді ұйымдастыруда қиындықтар туындап келген дейді ҚР Оқу-ағарту министрі мәлімдемесінде:
«Осындай келеңсіз жайттардың алдын алу үшін біз 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімін қайта қарап, ата-аналар үшін де, мектептер үшін де қолайлы кезеңге ауыстырдық. Қазірдің өзінде жүйе бірнеше рет тестілеуден өтуде. Құжат тапсыру процесін ыңғайлы ету үшін барлық жағдай жасалады. Қосымша ақпаратты алдағы уақытта кеңінен таныстырамыз», – деп атап өтті.
Жаңа формат ата-аналарға құжат тапсыруды асықпай, ыңғайлы уақытта жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жүйенің тұрақты жұмыс істеуі мен процестің тиімді ұйымдастырылуына жағдай жасалады.
Биыл мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндерге және ата-аналарға сәттілік тілейміз!





