Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

"Отырар" жалпы білім беретін мектебінде. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Достығымыз жарасқан» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында достық, татулық, өзара сыйластық құндылықтарын қалыптастыру, әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Мереке барысында оқушылар қазақ, өзбек, грузин, кәріс, француз, үнді, орыс, әзірбайжан, түрік халықтарының әндерін шырқап, ұлттық билерін билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, асық ату, шахмат ойнау, арқан тарту сияқты ойындар мен велосипед шеруі ұйымдастырылды.

Іс-шараның ерекше сәтінде 10-сынып оқушылары түрлі ұлттардың киімдерін киіп, «Қара жорға» биін билеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Мереке соңында барлығы бірлік пен туған жерді дәріптейтін «Атамекен» әнімен қорытындыланды.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Достық пен бірліктің маңызын ұғындырған мазмұнды мереке өз мақсатына толық жетті.

https://www.facebook.com/100022526569105/videos/pcb.2165866214174243/1294825888692664?__cft__[0]=AZb-MrHy-FAyYkd3CUYORzXUnaI4hnURFKE_UeNPzdl7O4v27h3iI9jPLc45X5xijZj3VVhtwUCQIN95CIos8pRGwphArdxIgodP1-XU48-YW8NJjFt3ooTbXoRvrgkJolCSh-ilNsexO2HnuCEB3KLPAdnoBNl3bReMCdjHXdJZE9rkkApVvckR-kXHk8l--gQ&__tn__=*b0H-R