«Отырар жалпы білім беретін мектеп» кмм 9 мамыр мерекесіне орай 1 – 11 сыныптарда бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі- өнеге тұту. Сынып сағаттарында Ұлы Отан соғысы туралы, оған қатысқан батырлар туралы бейнебаяндар көрсетіліп, қаттамалар, слайдтар көрсетілді, мәліметтер айтылды.